Құдсқа қатысты АҚШ-ның қастықтары алдындағы ислам әлемінің міндеттері
(last modified Wed, 17 Jan 2018 14:03:15 GMT )
Қаң 17, 2018 20:03 Asia/Almaty
  • Құдсқа қатысты АҚШ-ның қастықтары алдындағы ислам әлемінің міндеттері

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің 13-ші парламентаралық басқосуына жиналған қонақтармен кездесуінде Палестина мәселесін ислам әлемінің басты мәселесі деп атады.

Аятолла Хаменеи АҚШ-тың Құдсқа қатысты жуырдағы әрекеттерін үлкен қателік деп атап: "Олар бұл істерін атқара алмайды және олардың талпыныстары нәтижеге жетпейді",- деді.

Аятолла Хаменеи Палестинаны қорғауды баршаның міндеті деп атап: "Сионистік режимге қарсы күрес пайдасыз деп ойламау керек. Өйткені, бұрынғы жылдарға қарағанда қарсыласу шебі алға ілгерілгендей, Алланың көмегімен сионистік режимге қарсы күрес те нәтижеге жетеді",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі исламдық парламентаралық отырыста Мьянма мен Кашмир мәселелерінің баяндалғанына, бірақ Йемен мен Бахрейн сынды өте маңызды мәселелерге немқұрайдылық танытылғанына тоқталып: "Көбінде сионистер тарапынан басқарылатын Батыстың қатерлі үгін-насихат империясына ислам әлемінің  маңызды мәселелеріне көзжұмбайлық білдіріп, үнсіздік танытқан қастандық әрекетімен ислам үмбетінің негізгі мәселелерін шетте қалдыруға рұқсат бермеу керек",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Палестина мәселесінде "жерлерді басып алу", "миллиондаған халықты қудалау" және "жаппай қырып-жою мен адамзат тарихындағы үлкен қылмысы" сынды үш оқиға орын алды. Бұл – тарихта кездеспеген зұлымдық",- деп қуаттады.

Палестина мәселесі Кэмп-Дэвид келісіміне қол қою және Израиль мен Мысыр ағымымен басталып, Норвегиядағы Осло конференциясына еніп, кейбір палестиналық ағымдармен жалғасты.

АҚШ пен Израиль жылдар бойы Палестина мәселесін ұмыттырып, қарсыласу шебін әлсіретіп, ислам елдерін ішкі дағдарыстар мен қайшылықтарға тіреуге әрекет жасауда.

Таяу Шығыс аймағы мәселелерінің эксперті Саадолла Зареи АҚШ-тың Құдсқа қатысты жуырдағы әрекеттері туралы: "Қазір әлем мен аймақ деңгейінде АҚШ пен одақтастарының Палестина мәселесін сионистік режимнің талаптарына сай аяқтауға асығып жатқанын көріп отырмыз. Қарсыласу шебінің үздіксіз жеңістерінің арқасында ислам әлемінің маңызды бөлімі АҚШ пен сионистік режимнің, сондай-ақ олардың аймақтағы одақтастарының билеп-төстеушілігінен шығарылды.

Интифаза 1978 жылы Кэмп-Дэвидте басталған бітім жобаларын бұзды. Қарсыласу шебі Палестина мәселесін ислам әлемінің басты мәселесі ретінде сақтады. Сирия мен Ирактағы барлық қастандықтар сәтсіздікке ұшырады. Ислам революциясы жетекшісі: "Сионистер бір кезде "Нилден Евфратқа дейін" деп ұрандатты. Бірақ, бүгін өздерін қорғау үшін дуал салуға кірісті. Палестина – үлкен жер. Оның тарихы терең. Құдс – оның астанасы. Бұл шындыққа сызат түсіру мүмкін емес",- деді.