Лариджани: Иран мен Пәкістанның байланыстары лаңкестікпен күрес саласында кеңеюі керек
Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Иран мен Пәкістанның ортақ дұшпандарына сілтеме жасап, екі ел байланыстарының нығаюы керектігін қуаттап: «Себебі, америкалықтар аймақтың тыныштығын бұзуды көздеуде. Лаңкестік те кеңейіп келеді» деді.
Али Лариджани сәрсенбі күні Теһранда өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің парламентаралық 13-ші отырысы аясында Пәкістан Сенаты Парламентінің спикері Реза Раббанимен кездесуде Иран мен Пәкістанның бұрынғыдан көбірек бір-бірімен ынтымақтастық жасауы керектігін баса айтып: «Екі ел байланыстары деңгейінің артуы - Иран мен Пәкістанның дұрыс бағытта келе жатқандығының белгісі» деді.
Пәкістан Сенаты Парламентінің спикері Реза Раббани де кездесуде «Америка аймақтағы жуырдағы жеңілістеріне байланысты Пәкістанды өз мәселелерінің алдында қалқан етіп ұстап отыр. Пәкістанның Американың елшілігін Құдсқа көшіру туралы шешімін айыптауға оң дауыс бергені үшін Вашингтон біздің елге беретін әскери көмектерін тоқтатты» деп, елінің Иранмен экономикалық байланыстарды дамыту жолындағы банктік кедергілерді жою үшін талпыныс жасап жатқанын хабарлады.