Джахангири: Иран Пәкістанмен әскери-қорғаныс саласында ынтымақтастықты кеңейтуге ешқандай шектеу қоймайды
ИИР Вице-президенті Пәкістанның Қорғаныс және ғылыми-технологиялық өнімдер министрімен кездесуінде Теһрангың Исламабадпен әскери-қорғаныс саласында ынтымақтастықты дамытуға еш шектеу қоймайтынын мәлімдеді.
Исхақ Джахангири сәрсенбі күні Теһранда Пәкістанның Қорғаныс және ғылыми-технологиялық өнімдер министрі Рана Танвир Хосейнмен кездесуінде екі елдің ынтымақтастығы ислам әлемінің қиыншылықтарын шешуде әсерлі бола алатынын айтып: "АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы қате саясаттары лаңкестік топтардың пайда болып, аймақ деңгейінде экстремизмнің таралуына себеп болды",-деді.
ИИР Вице-президенті Ауғанстанда есірткі заттарын өндірудің артқанын алаңдаушылық тудыратын тақырып деп атап, Иран, Пәкістан мен Ауғанстанның мафия мен лаңкестік топтармен күресу үшін үшжақты әріптестік жасауы қажеттігін қуаттады.
Рана Танвир Хосейн де ешбір елдің Иран мен Пәкістанның қарым-қатынасына сызат түсіре алмайтынын айтып: "Теһран мен Исламабад әрдайым бағыттас болып келеді. Екі ел өз қарым-қатынасын одан ары нығайтуы керек",-деді.