Қаң 20, 2018 21:29 Asia/Almaty
  • Рухани: Теһран дос елдермен байланыстарды арттыруға мүдделі

ИИР-ның президенті революцияшыл екі ел – Иран мен Кубаның өте жақсы қарым-қатынасқа ие екендігіне тоқталып, ИИР-ның Куба үкіметімен байланыстарын кеңейтуге мүдделік танытып, осы жолды жалғастыратынын мәлімдеді.

Хасан Рухани сенбі күні Кубаның Теһрандағы жаңа елшісі Алексис Бандрич Веганың сенімхатын қабылдағаннан кейін сөйлеген сөзінде: «Иран мен Куба революциялық кезеңдерінен кейін ортақ қастандықтармен бетпе-бет келді. Әлемде болған революциялардың арасында имам Хомейни революцияшыл мұсылмандардың жетекшісі, ал Фидель Кастро революция жетекшілерінің бірі ретінде тарихта қалды» деді.

Кубаның Теһрандағы жаңа елшісі Алексис Бандрич Вега Иранның аймақ пен әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатудағы ықпалды рөлін баса айтып, елінің ИИР-мен жан-жақты байланыс орнатуын екі елге қарсы Американың әділетсіз санкцияларымен күресу үшін ең жақсы құрал санайтынын айтты.  

Сонымен қатар Хасан Рухани Теһрандағы Гананың жаңа елшісі Алхаджи Саиути Яхайа Иддидің сенімхатын қабылдау рәсімінде Иранның Ганамен әртүрлі салаларда, соның ішінде экономика мен ғылым және мәдени салаларда байланыстары мен ынтымақтастықтарын арттыруды қалайтынын мәлімдеді.

Иран президенті сондай-ақ, Теһрандағы Чилидің жаңа елшісі Игнасио Янустің сенімхатын қабылдауда Латын Америкасы елдерімен, соның ішінде Чилимен қарым-қатынастары мен серіктестіктерін кеңейтудің Иран үшін өте маңызды екенін баса айтты. 

 

Тегтер