Революция жетекшісі: Дұшпанның «жұмсақ соғысы» өтірік пен қауесет және цензураға негізделген
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи қаңтардың он бірі күні деректі фильм түсіруші жастардың бір тобын қабылдаған күннің ертеңінде деректі фильм тусіруші жастарға арнаған жолдауында бес кеңес берді.
Ислам революциясының жетекшісі деректі фильм түсіруші жастарға арнаған жолдауында революцияшыл бағытты сақтау қажеттігін қуаттап: "Техникалық ойындар мен кәсіби танымалдық істің революцияшыл айқындылығы мен дұрыстығынан асып түспеуі керек. Басты жоғары көтеріп, сөз бен істеріңіз арқылы революцияшыл мүмін екендіктеріңізді дәлеледеңіздер.
Дұшпанның "жұмсақ соғысы" өтірік пен қауесетке, цензура мен бойкотқа негізделген. Сіздердің өнерлеріңіз нақты құжат пен дерек келтіру арқылы дұшпанның ісінің пайдасын жоя алады. Қырық жылдық тарих ислам республикасының шындығы мен дұшпанның бұрмалаушылықтары мен адасушылықтарын дәлелдейтін деректерге толы",- деді.
Ислам революциясы жетекшісі дұшпанның негізгі мақсатының түңілу мен үмітсіздікті тарату екенін айтып: "Елде үміттің өзегі болатын нәрселер өте көп. Сіздердің өнерлеріңіз шындыққа негізделген деректердің көмегімен үміт, қатты ұмтылыс пен әрекеттің қайнар көзі бола алады. Әрбір істеріңізді Құдайдың разылығы үшін жасап, Одан көмек сұраңыздар",- деді.