Қаң 22, 2018 21:14 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы отырысы өткізді

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы Франция Сыртқы Істер Министрінің алдағы Теһран сапарында саяси тақырыптардың үлкен спектрі, соның ішінде халықаралық, аймақтық және екіжақты мәселелер жөнінде пікір алмасулар өтетінін хабарлады.

Иран Телерадио ұйымының шетелдік торабы тілшісінің хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми бүгін дүйсенбі күні республикалық және шетелдік тілшілермен өткізген отырыста шетелдік торап тілшісінің Франция Сыртқы Істер Министрі «Бұдан бұрын Иранмен зымырандық тақырыпта сұхбат болған» деп айтты» деген хабарды теріске шығарып: «ИИР зымырандары мен қорғаныс тақырыбында ешбір елмен  келіссөз өткізген жоқ, болашақта да өткізбейді» деді.

Иранның дипломатиялық аппаратының баспасөз хатшысы Сирияның Африн қаласындағы соңғы өзгерістерге сілтеме жасап: «ИИР Африн қаласындағы ағымдағы өзгерістерді жақыннан алаңдаушылықпен қадағалап отыр. Операциялар тез арада аяқталып, Түркия мен Сирияның шекаралық аймақтарындағы дағдарыстың тереңдеуі мен кеңеюіне тосқауыл қойылады деп үміттенеміз» деді.

Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф та Америка пен еуропалық елдердің Иранға қарсы санкцияларды арттыру үшін кеңесулері туралы ақпарат құралдарында жарияланған кейбір хабарларға қатысты айтқан сөзінде оны ақпараттық қауесет деп атап, Теһранның Еуропа елдерімен қарым-қатынасын жақсы әрі даму үстінде деп бағалады. 

 

Тегтер