Қаң 23, 2018 14:32 Asia/Almaty
  • АҚШ-ты

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Арақчи кейбір еуропалық елдердің АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалдыру үшін Трампқа ұпай беру идеясын үлкен қателік деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Сейед Аббас Арақчи ұпай беру идеясының теріс нәтиже беретінін мәлімдеді.

Батыстың ақпарат құралдары өткен бірнеше күні еуропалықтар Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу туралы қоқан-лоққыларына жауап ретінде Трампқа ұпай беріп, Иранға қарсы қысымды арттыру туралы айтқан болатын.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Батыстың ақпарат құралдарының "Иран мен Еуропа зымырандық бағдарлама мен аймақ мәселелері туралы келіссөздер өткізуге келісті" деген уәждерін теріске шығарып: "ИИР ешбір мемлекетпен зымырандық мәселесі туралы келіссөз жүргізбейді",- деп қуаттады.

 

 

Тегтер