Иран Армиясының теңіз күштері "Қадир" зымыранын сынақтан сәтті өткізді
ИИР Армиясының «Мохаммад – Алланың елшісі 5» жаттығуларының негізгі кезеңінің екінші күні теңіз күштері алыс қашықтыққа арналған баллистикалық "Қадир" зымыранын атып, алыс қашықтықта және Оман теңізінің тереңдігінде орналасқан ықтималды дұшпанның кемесін жарды.
"Тасним" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран армиясының стратегиялық теңіз күштері бірінші рет сынақтан өткізіп отырған ұзақ қашықтыққа арналған "Қадир" баллистикалық зымыраны – төмен биіктікте ұша алатын, электроникалық соғысқа қарсы қолдануға жарайтын дамыған зымыран. Оның ең маңызды ерекшеліктерінің біріне нысанды нақты жарып жіберуі жатады. Бұл ерекшелік Иран Армиясының «Мохаммад – Алланың елшісі 5» жаттығуларында сынақтан сәтті өтті.