Иран мен Сирия Қорғаныс министрлері телефон арқылы сұхбаттасты
https://itolqyn.com/news/iran-i3418-Иран_мен_Сирия_Қорғаныс_министрлері_телефон_арқылы_сұхбаттасты
Иранның Қорғаныс министрі ИИР-ның Сирия үкіметін қолдауын жалғастыратынын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 30, 2016 15:42 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирия Қорғаныс министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иранның Қорғаныс министрі ИИР-ның Сирия үкіметін қолдауын жалғастыратынын қуаттады.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Хосейн Деһқан Сирияның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Фахдджасем әл-Фариджбен телефон арқылы сұхбатында Сирия халқы мен Қарулы күштерін осы ел армиясының соңғы жеңістерімен, әсіресе Алланың қолдауы және Сирия халқы, үкіметі мен қарулы және халықтық күштерінің иманы, бірлігі мен табандылығының арқасында қол жеткізілген Пальмира тарихи қаласының азат етілуімен құттықтады.

Сардар Деһқан, сондай-ақ, аймақтағы терроризм деген обыр ісігін тамырымен жойып, лаңкестік топтардың қарамағында қалып отырған аудандарды азат ету үшін әскери амалдарды жалғастырып, күшейту қажеттігін баса айтты.

Сирияның Қорғаныс министрі да ИИР халқы, үкіметі мен Қарулы күштеріне алғыс білдіріп: «Сирия достарының, әсіресе Иранның қолдауы мен көмегінің Сирия армиясының жеңіске жетуінде маңызды рөл атқарғандығы күмәнсіз. Пальмира қаласының азат етілуі лаңкестер мен олардың демеушілерін түбегейлі жеңу жолындағы басты қадам болып табылады. Жеңістердің жалғаса түсетіні анық»,-деді.

Сирия армиясы мен қарсыласу күштері жексенбі күні бірнеше күндік қақтығыстардан кейін Пальмира тарихи қаласын ДАИШ лаңкестік тобынан толығымен азат етті.

Пальмира тарихи қаласын 2015 жылдың мамыр айында ДАИШ лаңкестік тобы басып алған болатын.