Ядролық келіссөздердің іс-қағазы ешбір жағдайда ашылмайды
(last modified Wed, 24 Jan 2018 16:49:28 GMT )
Қаң 24, 2018 22:49 Asia/Almaty
  • Ядролық келіссөздердің іс-қағазы ешбір жағдайда ашылмайды

Иран президенті аппаратының басшысы Иран мен «алтылық» елдері арасындағы ядролық келіссөздердің іс-қағазының ешбір жағдайда ашылмайтынын қуаттады.

Иран президенті аппаратының басшысы Махмуд Ваези сәрсенбі күні Министрлер кабинетінің отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатта Еуропа мен Американың «Ортақ қадам» келісімі туралы ядролық келіссөздерді қайта бастау үшін ортақ жұмыс тобын құру туралы айтқан сөзінде: «Келіссөздердің іс-қағазы ешбір жағдайда ашылмайды. Бұл – Иран жүйесі мен үкіметі және СІМ-нің ортақ ұстанымы. Иран Ресей және Қытаймен, Еуропа одағымен, әсіресе еуропалық үш елмен келіссөздер өткізді. Олар «Ортақ қадам» келісімінің сақталуы керектігін қабылдады» деді.  

Иран президенті аппаратының басшысы сонымен қатар франциялық басшылардың Иранмен зымырандық келіссөздер туралы уәждеріне тоқталып: «Иранның қорғаныстық әлеуетіне қатысты мәселе келіссөзге жатпайды. ИИР қорғаныстық әлеуеті, әсіресе өзінің зымырандық мәселесі туралы ешбір елмен келіссөз жүргізбейді» деп баса айтты.

 

Тегтер