Бруджерди: Иран зымырандық бағдарламасы туралы ешбір елмен келіссөз жүргізбейді
(last modified Thu, 25 Jan 2018 10:29:49 GMT )
Қаң 25, 2018 16:29 Asia/Almaty
  • Бруджерди: Иран зымырандық бағдарламасы туралы ешбір елмен келіссөз жүргізбейді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы Теһранның зымырандық бағдарламасы туралы ешбір елмен келіссөз жүргізбейтінін қуаттады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Алауэддин Бруджерди Брюссельде Еуропа Парламентінің сыртқы саясат жөніндегі комитетінің  басшысы Дэвид Макалистермен кездесуінде Иранның жаппай қырып-жоятын және ядролық қарулардың қолданылуына қарсы екенін айтып: «Дұшпандардың ықтималды басқыншылығын тежеуге бағытталған  стратегиялық саясатты орындаудың жалғыз жолы – зымырандық күш-қабілет. Ол жайлы ешбір елмен келіссөз жүргізілмейді»,-деді.

Бруджерди, сондай-ақ, Еуропа одағының АҚШ Президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қарсы саясаттарына үсті-үстіне қарсылық білдіруін осы одақтың мүдделерін қорғау және АҚШ-тың саясаттарынан бөлектену аясында жасалған шаралардың жақсы нышаны деп атады. 

Дэвид Макалистер де Еуропа одағының  Иранның ядролық келісімін қолдайтындығына тоқталып, екі тарап басшылары арасындағы келіссөздердің түсіністік тудырып, екіжақты ынтымақтастықтардың ортақ тұстарын нығайтуға мүмкіндік беруіне үміт білдірді.

 

Тегтер