Зариф: ДАИШ-ке қару-жарақты АҚШ пен Сауд Арабиясы берген болатын
https://itolqyn.com/news/iran-i34235
ИИР Сыртқы істер министрі ДАИШ лаңкестік тобына қару-жарақпен АҚШ пен Сауд Арабиясы көмектескенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 26, 2018 18:42 Asia/Almaty
  • Зариф: ДАИШ-ке қару-жарақты АҚШ пен Сауд Арабиясы берген болатын

ИИР Сыртқы істер министрі ДАИШ лаңкестік тобына қару-жарақпен АҚШ пен Сауд Арабиясы көмектескенін мәлімдеді.

ИИР СІМ-ның ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша,  осы елдің Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф  Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Трамп пен оның сыбайластарының жарнамалық компаниялары бұрмаланған мәлімет таратқанымен, Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің Давоста сөйлеген сөзіндегі «нұрлы болашақ» атты жарнамалық ойынды бастағанымен, АҚШ ДАИШ-тың жеңілісін өз атына тіркеуге тырысқанымен шындықты өзгерте алмайды. ДАИШ-ты жеңу үшін Ирак пен Сирияның халқына көмекке асыққан Иран еді. ДАИШ-ке қару-жарақ берген АҚШ пен Сауд Арабиясы болатын»,-деп қуаттады.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі  Адель әл-Джубейр Швейцарияның Давос қаласындағы  Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде «Иран Таяу Шығыста сектанттықты қоздырып отыр» деген уәж айтты.