Зариф: Иран өткен 300 жылда ешбір елге шабуыл жасаған жоқ
ИИР Сыртқы істер министрі ешбір елдің аймаққа үстемдік жүргізе алмайтынын айтып, аймақ елдерінің бір-бірімен әріптестік жасауы керектігін қуаттады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда атақты неміс тілшісі Юрген Тоденхоферге сұхбат беріп ИИР-ның аймақтық мәселелер мен дағдарыстарды жан-жақты негізде диалог өткізу арқылы шешуге болады деп санайтынын мәлімдеді.
Зариф Иранның өткен 300 жылда ешбір елге шабуыл жасамағанын айтып: «ИИР аймақтың барлық елдерімен, соның ішінде Сауд Арабиясымен басқыншылық жасамау туралы келісімге қол қоюға әзір»,-деді.
Зариф, сондай-ақ, АҚШ пен оның кейбір одақтастарының ИИР-ның қорғаныстық және зымырандық бағдарламасын сылтауратып, бұл елге қарсы тағы санкцич салуға талпыныс жасап жатқанына тоқталып, Иранды аймақтың басқа елдерімен салыстырғанда қару-жараққа ең аз қаражат жұмсаған ел деп атады.
ИИР Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы, Қытай мен аймақтың басқа елдерінің Иранның зымырандарынан ұшу қашықтығынан әлдеқайда жоғары зымырандарға ие екенін, тіпті оларда ядролық оқтұмсықтарды тасымалдауға қабілетті зымырандарының бар екендігіне тоқталып: «Иранның зымырандары ядролық оқтұмсықтарды тасымалдауға жобаланбаған, өйткені ИИР жаппай қырып-жоятын қаруға сенбейді»,-деді.