Аятолла Хатами: Имам Хомейни – Ислам революциясының куәлігі
(last modified Sat, 27 Jan 2018 09:51:29 GMT )
Қаң 27, 2018 15:51 Asia/Almaty
  • Аятолла Хатами: Имам Хомейни – Ислам революциясының куәлігі

Теһран жұма намазының құтпагері «Фаджр» онкүндігі қарсаңында Иран Ислам революциясының ИИР-ның негізін қалаушы Имам Хомейнидің есімінсіз мән-мағынасы болмайтынын қуаттап: «Имам Хомейни (р.) – Ислам революциясының куәлігі»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының хабарлауы бойынша,  аятолла сейіт Ахмад Хатами Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында: «Иран Ислам революциясы хазірет имам Хомейнидің нұсқауларын жүзеге асырған кезде салтанатты түрде жалғасын табады»,-деп еске алды.

Теһран жұма намазының құтпагері Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеиді имам Хомейнидің шынайы орынбасары, жолын жалғастырушы деп атады.

Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ, Иранның ұлы халқының бұрынғыдай  «22 бахман» салтанатты шеруіне қатысатынын айтып: «Ирандықтар қасық қандары қалғанша өз революциясын қорғайды»,-деді.

Аятолла сейіт Ахмад Хатами дұшпандардың ИИР-ға қарсы жуырдағы қастандығына тоқталып: «Дұшпандар балалардың ойынымен Иран Ислам революциясына соққы бермек болды. Алайда халықтың өз еркімен шеруге шығуы әрдайым олардың қастандықтарын залалсыздандырады»,-деді.