Ислам революциясының жетекшісі: Қазіргі жастарға үмітім бұрынғылардан әлдеқайда көбірек
(last modified Sat, 27 Jan 2018 11:00:45 GMT )
Қаң 27, 2018 17:00 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Қазіргі жастарға үмітім бұрынғылардан әлдеқайда көбірек

Хазірет аятолла Хаменеидің туындыларын сақтау және тарату кеңсесінің баспасөз қызметі жұма күні Ислам революциясы жетекшісінің 2018 жылдың 16 қаңтарында сардар шәһид Әли Илақидің жанұясымен кездесуінде сөйлеген сөзінен үзінді жариялады.

Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде қазіргі жастардың революцияның алғашқы буынынан айырмашылығына тоқталып: «Бүгінгі жастардың мақсаты мен иманы дұрыс болса оларға деген менің сенімім мен иманым революцияның алғашқы буынындағы жастардан әлдеқайда көбірек.

Алғашқы буындағы жастар сезім мен қызбалыққа беріліп әрекет ететін адамдар болды. Өте жақсы сезімдер болды. Сол сезім негізгі істі атқарды, яғни бір көне жүйені құлатып, исламды әкелді. Біз бұған мардымсыз іс деп қарамаймыз. Алайда тек санаулы адамдар – бәрі деп айтпаймын,- сезімге беріліп, тыңшылық ұясына барып, оны ерлікпен басып алды. Бірақ, кейін америкалықтармен сөйлесіп, олардан кешірім сұрады. Бұл нені білдіреді? Бұл олардың стимулдарының таяздығынан туындап отыр. Ол стимул бір мықты іргетасқа сүйенбеген еді. Ынта болғанымен, оның мықты тірегі болған жоқ»,-деді.

Аятолла Хаменеи жастарға: «Болашақ – сіздердікі. Бұл мемлекет – сіздердікі. Біз кетеміз. Біздің рөліміз аяқталды. Біз кетеміз. Осында қалып, елді шарықтау шегіне жеткізетін – сіздер. Шама-шарқыларыңыз келгенше өздеріңізді қалыптастырыңыздар. Идеология тұрғыдан да, иман тұрғысынан да шыңдалыңыздар. Ойларыңызды да, иман мен жүректеріңізді де түзетіңіздер. Құдайға жақын болыңыздар.Шамаларыңыз келгенше түнгі намазды оқыңыздар. Намазды жақсылап, мән беріп оқыңыздар. Құранға ден қойыңыздар»,-деді.

 

Тегтер