Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы: ДАИШ лаңкестерімен қақтығыс аяқталды
(last modified Mon, 29 Jan 2018 10:01:52 GMT )
Қаң 29, 2018 16:01 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы: ДАИШ лаңкестерімен қақтығыс аяқталды

Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы осы корпусқа қарасты Наджаф-е Ашраф гарнизоны жауынгерлерінің Иранның батысында бір лаңкестік-тәкфирлік топпен қақтығысының аяқталғанын, қақтығыста 16 лаңкестің құрықталып, 5 лаңкестің өлтірілгенін хабарлады.

«Sepah News»  ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бригада генералы Мұхаммад Пакпур жексенбі күні: «Сақшылар корпусы құрлық күштерінің Наджаф-е Ашраф гарнизоны жауынгерлерінің ДАИШ лаңкестерінің бір тобымен сенбі күні таңертең басталған қақтығысы барысында қоршауға түскен лаңкестердің үшеуі өздерін жарып жіберді»,-деді. 

Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы ДАИШ-тың сионист-тәкфирлік лаңкестерімен қақтығыстың бір тәулік алты сағатқа созылғанын айтып: «Қақтығыста Сақшылар корпусы құрлық күштеріне қарасты Наджаф-е Ашраф гарнизонының 3 жауынгері шәһид болды»,-деді.

Бригада генералы Пакпур қолға түскен лаңкестердің көбінің шетелдік азаматтар екенін айтып: «Сақшылар корпусы құрлық күштерінің жауынгерлері басқа қауіпсіздік, барлау, әскери, тәртіп сақтау және облыстағы жергілікті күштермен бірге революцияға қарсы қимылдар мен лаңкестік топтардың әрекеттерінен хабардар болып, олардың кез келген әрекеттеріне кесімді жауап береді»,-деп қуаттады