Арақчи: Уран байыту құқығын қабылдату – "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ең маңызды жетістігі
Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жетістіктерін баяндағанда аталмыш келісімнің Иран үшін ең маңызды жетістігін елдің уран байыту құқығын қабылдатуы деп атады.
Сейед Аббас Арақчи дүйсенбі күні кешке Иран теледидарына берген сұхбатында: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы" деп аталған ядролық келісімге себеп болған Иран мен "алтылық" тобы келіссөздерінің Иранның уран байыту құқығын заңдастыруымен бірге ядролық мәселеге қатысты санкциялардың күшін жою саласындағы оң қадам болғанын мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары ядролық келісімде Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасына қатысты санкциялардың күші жойылуының ашық қуатталғанына тоқталып: "Иранның негізгі мақсаты уран байыту құқығын ресми қабылдату болды. Иран батыстықтардың барлық қастықтарына қарамастан діттеген мақсатына жетті",- деді.
Арақчи халықаралық қоғамның, әсіресе Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдауына сілтеме жасап: "Бұл мәселе – Иран дипломатиясының жеңіске жетіп, АҚШ-тың сәтсіздікке ұшырағанының белгісі",- деп баса айтты.