Ауғанстандағы лаңкестік әрекеттердің тамыры: Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы
Кабулда болған жуырдағы лаңкестік әрекеттер мен бейберекеттіктер Ауғанстандағы лаңкестік, соғыс пен бейбітшіліктің аймақ пен аймақтың сыртындағы факторлармен байланысты екенін тағы көрсетті.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ДАИШ-тың өткен айлардағы Ауғанстандағы лаңкестік әрекеттерінде жүздеген адамның қаза болғанына тоқталып: "ДАИШ-ты құрып, сол топты Сирия мен Ирак халықтарына қарсы зорлық-зомбылық жасаудың құралы ретінде пайдаланушылар бүгінде сәтсіздікке ұшырап, ДАИШ-ты Ауғанстанға ауыстыруды мақсат етуде. Олардың жуырдағы қырғындары – негізінде аталмыш жобаның басталуы",- деді.
Ауғанстан халқы шамамен 40 жыл бойы саяси, әсіресе қауіпсіздік саласындағы тұрақтылықтан кенде қалып отыр. Өкінішке орай, Ауғанстан тынышсыздықтардан көз ашпай келеді. Бұл жағдай Ауғанстанның саяси тұрақтылығына қарсы тұрақты қоқан-лоққыға айналып, аймақ үшін де салдарларын тигізуде. Ауғанстаның қауіпсіздік жағдайы тынышсыздықтарды АҚШ-тың басқарып отырғанын көрсетеді. Бұл – тәуелсіз сарапшылар қуаттап отырған мәселелердің бірі. Ауғанстандағы бейберекеттіктерді арттыру – америкалықтардың бұл елде ұзақ мерзімге қалуын ақтау үшін пайдаланып отырған сылтауларының бірі.
Ауғанстанның бұрынғы Президенті Хамед Карзай "Таймске" берген сұхбатында: "АҚШ лаңкестікті жоюдың орнына лаңкестік топтардың алдынан дарбазаларды кеңірек ашты. АҚШ – аймақтағы экстремизмнің қолдаушысы. АШҚ ДАИШ-ты пайдаланып, аймақ мемлекеттерін әлсіретуді көздеуде",- деді.
Аятолла Хаменеи АҚШ-тың мақсаттарын аймақ халықтарын өз мәселелеріне шырмап, өз әскерилерін орналастыруға жағдай жасау деп атап: "АҚШ бұл аймақтың тыныштығын қаламайды. Олар сионизмге қарсы шықпас үшін аймақ үкіметтері мен халықтарын өз мәселелеріне шырмап қойғысы келеді. АҚШ қолдайтын лаңкестер үшін шиіттер мен сүнниттердің айырмашылығы жоқ. Олар шиіт пен сүннитке бөлмей, қарапайым халықты нысанаға алуда",- деді.
АҚШ-тың Ауғанстанды он жылдан астам уақыт бойы өз бақылауында ұстауы америкалықтардың лаңкестікпен күресуді емес, керісінше аймақтағы тынышсыздықтарды арттырып, соғыс пен әскери араласушылығын жалғастыруды мақсат ететіндігін көрсетті.
Ауғанстандағы америкалық күштердің қолбасшысы Джон Николсон жуырда айтқан сөзінде: "Ауғанстан шекараларында орналасқан 400 америкалық әскери қажет болса, лаңкестік топтармен күресу үшін бұл елге аттанады",- деді. Негізінде, АҚШ Таяу Шығыстағы ДАИШ-ты Ауғанстанға ауыстырып, тәкфиршіл лаңкестік топ арқылы бұл елмен шекаралас мемлекеттерге қоқан-лоққы көрсетпек. ДАИШ шекаралас елдерге әсер етуі үшін Ауғанстан қолайлы географиялық жағдайға ие. Мәселен, Ауғанстан арқылы лаңкестер Иран, Ресей, Пәкістан, Қытай және Орталық Азия елдеріне қоқан-лоққы жасай алады.