Амоли Лариджани: Имам Хомейни Иран халқына тәуелсіздік пен өзіне деген сенімді қайтарды
(last modified Wed, 31 Jan 2018 16:16:46 GMT )
Қаң 31, 2018 22:16 Asia/Almaty
  • Амоли Лариджани: Имам Хомейни Иран халқына тәуелсіздік пен өзіне деген сенімді қайтарды

Иран Сот билігінің басшысы Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің ислам революциясы арқылы теориялық және практикалық аспектілер бойынша ислам қоғамында ұлы өзгеріс қалыптастырғанын баяндап: «Имам Хомейни Иран халқына тәуелсіздік пен өзіне деген сенімді қайтарды» деді.

Аятолла Амоли Лариджани бүгін сәрсенбі күні мүбәрак «Фаджр» онкүндігінің қарсаңы мен Сот билігінің жоғары басшыларының Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің арман-мақсаттарына адалдықтарын жариялау рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Батыстың либералды-демократиясының бәсекелесі саналатын Иранның ислам революциясы – діни-демократияға негізделген теңдессіз саяси жүйе» деп баса айтты. Иран Сот билігінің басшысы ислам қоғамы мағынасының Ислам Республикасының шекараларынан асқанын баяндап: «Иранның Ислам революциясы теориялық тұрғыдан әлемнің діни-демократиялық жүйесінде зияткерлік ұлы төңкеріс жасады. Иран халқы әрдайым саяси сахнада құзырға ие; үстемшіл елдердің қоқан-лоққыларына қарсы алаңға шығады. Бұл имам Хомейнидің тағылымдарынан бастау алған» деді.