Ақп 03, 2018 20:44 Asia/Almaty
  • Джаһангири: Иранның ислам революциясы – әлемдік деңгейдегі сирек кездесетін оқиғалардың бірі

Иранның вице-президенті «Фаджр» он күндігінің басталуымен құттықтап, Иранның ислам революциясының жеңісін әлемдік деңгейдегі өте сирек кездесетін оқиғалардың бірі деп атады.

IRNA-ның хабарлауы бойынша ИИР-ның вице-президенті Исхақ Джаһангири бүгін, сенбі күні Иранның орталығында орналасқан Йезд облысындағы Эрдакан құрамдас циклді электр станциясының агрегаты мен болат зауытын іске қосу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Иранның ислам революциясы бірегей ерекшелігімен өте шиеленісті жолдарды еңсесін тік көтерген күйде өткерді» деді.   

Джһангири Иран ислам революциясының өткен төрт он жылдықтағы маңызды мақсаттарының қатарында елдің индустриялануын атап: «Компаниялардың директорлары елдің болашағы туралы жоспар құруы үшін макроэкономика саясаттарының инфрақұрылымдары үкіметтің ықтиярында» деді.  

Иран Ислам республикасының вице-президенті кен өнеркәсібін, әсіресе болат өнеркәсібін елдің жетекші салаларының бірі деп атап: «Иранның маңызды өнеркәсіптік облыстарының бірі Йезде жаңа қазба байлықтарының қоры ашылды. Осы саланы  жаңа технологиялардың көмегімен дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер қалыптасты» деді.

 

Тегтер