Ақп 05, 2018 15:18 Asia/Almaty
  • Аустрия банктерімен ынтымақтастықтың нәтижесінде ядролық ауруханаларды жабдықтау үшін 200 млн еуро бөлінді

Иранның Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Аустрия банктерінің Ирандағы ядролық ауруханаларды жабдықтау үшін 200 миллион еуро көлемінде несие бөлгенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бехруз Камалванди жексенбі күні өткен баспасөз конференциясында: «Қажет құрал-жабдықпен жабдықтау ядролық ауруханаларды іске қосу жолындағы маңызды мәселелердің бірі болған. Ауруханаларды жабдықтауда аустриялық компаниямен ынтымақтастық жасау үшін келіссөздер жүргізілді.

Аустриялық компаниямен қаржылай келісімдерді әзірлеу ұзақ уақытты қажет етті. Сондықтан, бұл жобаны инвестициялаудың басым бөлігі мен несие беру аустриялық банктер тарапынан жүзеге асырылатын болды",- деп мәлімдеді.

Иранда алғашқы ядролық аурухананы салу жобасы Иранның Атом қуаты ұйымы мен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы келісім негізінде 2016 жылдың мамыр айында Теһранда басталды.

Ядролық медициналық қызмет түрлерін ұсыну, радиофармацевтикалық дәрілерді пайдалану үшін ядролық ғылым деңгейін арттыру және басқа ауруханалар үшін сәулемен емдеу құрал-жабдықтары стандарттарын көтеру осындай ауруханаларды салудағы басты мақсаттардың қатарын құрайды.

 

 

 

Тегтер