Ғасеми: Теһран Франция президентінің Иранға сапарына қатысты ешбір шартты қабылдамайды
(last modified Mon, 05 Feb 2018 16:24:51 GMT )
Ақп 05, 2018 22:24 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Теһран Франция президентінің Иранға сапарына қатысты ешбір шартты қабылдамайды

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз қызметінің хатшысы Теһранның Франция президентінің алдағы ИИР-на сапарына қатысты ешбір шартты қабылдамайтынын айтты.

Иран СІМ-нің баспасөз қызметінің хатшысы  Баһрам Ғасеми бүгін республикалық және шетелдік тілшілермен өткізген баспасөз отырысында Иран Телерадио ұйымы шетелдік торабы тілшісінің Франция президентінің алдағы Иран сапарына шарт қойғанына қатысты жарияланған хабарлар туралы сұрағына берген жауапта: «ИИР өткен қырық жылда басқа үкіметтермен байланыста қандай қатынас ұстанатынын көрсетті. Франция Иранмен даму үстіндегі серіктестікке ие болғанына  қарамастан ИИР-на шарт қоятындай дәрежеде емес. ИИР ешбір шартты қабылдамайды, ішкі және шетелдік саясаттарына қатысты шешімді өзі қабылдайды» деді.

Иранның саяси аппаратының ақпарат хатшысы Түркияның Сириядағы әскери құзырының жалғасуына тоқталып: «Түркияның әскери амалдары тез арада тоқтатылып, Сирияның егемендік және аумақтық тұтастығы құқығы құрметтелуі керек» деді. 

 

Тегтер