Велаяти: Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі тарау қарсаңында
Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иран, Сирия, Ирак, Ливан және Йемен елдерінің аймақтығы шынайы одақтастар екенін, керісінше Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің тарау қарсаңында екендігін қуаттады.
Әлиакбар Велаяти Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігі тілшісіне берген сұхбатында Ислам революциясының таралуын Иранның аймақтағы жеңістерінің сыры деп атап: "Иран тәуелсіздігінің арқасында, бүгінде аймақтың бірінші алпауыт еліне айналды. Иран өз тағдырына ғана емес, сонымен қатар аймақ тағдырына да ықпал ете алады. Аймақтың теңгерімін сақтап, қауіпсіздік орнатудағы Иранның әсері әлемнің алпауыт елдерінен артығырақ болды. Иран АҚШ-тың Ирак пен Сирияны бөлшектеу жобасына қарсы тұрды",- деді. Велаяти Иран шекараларында қауіпсіздік орнатылмай, өзінің де қауіпсіздікке ие бола алмайтындығына тоқталып: "Егер Ирак бөлшектенгенде Иран шекаралары мен Ирактың Күрдістан аймағында сионистік режимнің күштері орналасып, Иран шекараларында қатігездіктер орын алатын еді",- деді.
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иранды аймақтың ең қауіпсіз елі атап: "Иран – аймақтағы қауіпсіз арал. Егер Иран болмаса, Батыс Азия аймағы бейберекеттіктерге душар болатын еді",- деп баса айтты.