Зариф: Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатты наразы
https://itolqyn.com/news/iran-i34581
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иран мен "алтылық" тобы арасындағы ядролық келісімге наразы екенін қуаттап: "Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күшін жоятын жолды іздеуде",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 06, 2018 15:40 Asia/Almaty
  • Зариф: Трамп

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иран мен "алтылық" тобы арасындағы ядролық келісімге наразы екенін қуаттап: "Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күшін жоятын жолды іздеуде",- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Иран Теледидарының  екінші арнасына берген  сұхбатта АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауына тоқталып: "Трамптың ісі болжанған әрекет болды. Иран еш уақытта АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын шынайы ниетпен орындайтынын күткен емес",- деді.
Зариф, сондай-ақ, Иранның әрқашан өз халқына сүйенгенін еске салып, Иранның аймақтағы ең қауіпсіз ел екенін қуаттады.
Зариф аймақ елдерінің көбіндегі тынышсыздықтарға сілтеме жасап: "Қауіпсіздік  туралы екі пікір кездеседі: Иранның пікірі бойынша, қауіпсіздік елдің ішінен, халықтың дауыс беруге қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі. Бірақ, аймақ үкіметтерінің көбінің пікірінше, қауіпсіздік елдің сыртынан қамтамасыз етіледі",- деп мәлімдеді.
 
Иран Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының аймақтағы қате әрекеттеріне, соның ішінде тынышсыздықтар тудыруға талпыныс жасап, лаңкестік топтарды қаруландыруына тоқталып: "Сауд Арабиясы  аймақ істеріне қате бұйрықпен араласты",- деді.