Ислам революциясы – революциялық диалог, мәдени күрескерлік, исламдық жаңа өркениет
Иранның Ислам революциясы басқа жүйелер мен революцияларға қарағанда осы кезге дейін ұмытылмаған және әлемдіктерге өзін танытқан мәдени революция болды.
Осыған орай Иран қоғамында революцияның жеңісінен кейін революциялық диалог, мәдени күрескерлік, исламдық жаңа өркениетке сүйенген өзгерістер мен оқиғалар орын алды.
Иранның Ислам революциясы Пехлеви кезіндегі Иран халқының ежелгі болмысын көбірек қуаттаған ағымға қайшы діни, ежелгі исламдық және Батыс үлгілерінің арасынан осы халықтың тарихында терең тамырланған исламдық болмысына сүйенді.
Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни бұл туралы: "Иран халқының дамуы болмысында орын алған өзгерістерге борыштар. Егер болмысында өзгеріс болмағанда, бұл өзгерістер де орын алмайтын еді. Тағұт режимі кетіп, исламдық жүйе орнатылмайтын еді",- деген болатын.
Ислам революциясының жеңісі исламдық мәдениеттің Иран халқының арасында терең тамыр жайғанын көрсетті.
Шәһид Бохонар бұл туралы: "Біздің Ислам революциямызда мәдени революция баяндалған. Егер экономикалық революция мен саяси революция болса, мәдени революция негіздеріне сүйеніп, дінді мәдениетіміздің негізі санаймыз",- деген.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының бұрынғы басшысы марқұм Хашеми Рафсанджани: "Мен Ислам революциясының негізгі жетістіктерін оның мәдени тұрғысында деп санаймын. Мәдени жетістіктер – революцияның негізгі жетістіктері",- деген болатын.
Осыған байланысты, саарпшылардың бірі Талкотт Парсонс кез келген саяси жүйе үшін мәдени модельді сақтау біртұтастық пен тұрақтылыққа, саяси жүйенің тиімділігіне жеткізеді деп санайды. Өйткені, мәдени үлгіні сақтау жүйенің жеке тұлғаларына қолдау көрсетеді. Бұл жүйе үшін заңдылықтың жақсы көзі болып табылады. Өркениеттердің пайда болуы, қалыптасуы мен таралуы адамдардың талпыныстарына байланысты.
Ислам революциясы жетекшісінің пікірі бойынша, исламдық өркениеттегі адамның рөлі теңдессіз. Хазірет имам Хомейнидің мектебіндегі айқын факторларды еске салып, соларға назар аудартты. Имам Хомейни мен Ислам революциясының қазіргі жетекшісі адамгершілік пен ішкі болмысқа ие адамды мықты санайды.