Иран ислам революциясының жылдығына арналған мерекеге әлемнің 38 елінен келген ойшылдар қатысады
(last modified Wed, 07 Feb 2018 15:55:16 GMT )
Ақп 07, 2018 21:55 Asia/Almaty
  • Иран ислам революциясының жылдығына арналған мерекеге әлемнің 38 елінен келген ойшылдар қатысады

Иранның Исламдық насихаттарды үйлестіру кеңесі басшысының орынбасары ислам революциясы жылдығының мерекесіне әлемнің 38 елінен, соның ішінде Америка, Франция, Жапония, Мысыр, Ливия, Голландия және Канада елдерінің ғалымдары мен ойшылдары қатысатынын айтты.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша Иранның исламдық насихаттарды үйлестіру кеңесі басшысының орынбасары сәрсенбі күні ақпанның 11 күнгі бағдарламалар мен шерулер өтетін жолдарды жариялау туралы ақпарат отырысында: «Иранның ислам революциясы жеңісінің жылдығында республикалық 6000 фотограф пен телеоператорлар, шетелдік 250 фотограф пен тілшілер мен телеоператорлар Иран халқының ұлы ерлігі туралы хабар таратады. Теһранның өзінде 2500 тілші мен фотографтар мен телеоператорлар ислам революциясы жеңісінің жылдығы мерекесі жайлы хабар жариялайды. Ақпанның 11 күнгі шерулер өтетін бағыттарда 20 000 мәдени-өнер павильондары жұмыс істейді» деді.

Иранның ислам революциясы 1979 жылы ақпан айының 11 күні Иран Ислам революциясының ұлы көсемі хазірет имам Хомейнидің жетекшілігімен Пеһлеви режиміне қарсы көтерілісте жеңіске жетті.

 

Тегтер