Аятолла Амоли Лариджани: Иран халқы 22 бахман күнгі шеруде әлемге өзінің бірлігін көрсетеді
Иранның Сот органының басшысы: "Исламдық Иранның халқы өткен жылдардағыдай 11 ақпанда "22 бахман" шеруіне қатысып, өзінің бірлігі мен тұтастығын әлемге паш етеді",-деді.
Иран Сот органының басшысы аятолла Амоли Лариджани сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында 22 бахман күнін бір ұлттың табандылығы, көтерілісі мен тәуелсіздік талап етушілігінің символы деп атап: "Иран халқы 1979 жылы 11 ақпанда Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап шеруге жаппай әрі қызу түрде қатысу арқылы өзінің біртұтас ел екенін, үстемшіл зорлықшылдармен бірлесе күресетінін көрсетіп келеді.
Иран халқы 22 бахман шеруіне қатысу арқылы әлемдік үстемшілдерге санкция сияқты қоқан-лоққылармен тәуелсіз елдерді тізе бүктіре алмайтынын дәлелдейді",-деп қуаттады.