АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатын болса, өзінің халықаралық беделінен айырылады
ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары сейіт Аббас Арақчи сәрсенбі күні кешке Италияның "Le Republica" газетіне берген сұхбатында: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатын болса, өзінің халықаралық беделінен айырылады",-деді.
Сейіт Аббас Арақчи америкалықтардың Иранды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуға итермелеуге тырысып жатқанын, бірақ ИИР-ның бұл тұзаққа түспейтінін айтып: "Вашингтон бұл бағдарламадан шықса, осыдан былай ешбір ел АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтін болады",-деді.
Арақчи АҚШ-тың Еуропа мен Иранның қарым-қатынасына кедергі тудыру және Иранға инвестиция салынуына тосқауыл қою үшін көптеген құралдарды, соның ішінде Иранның Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестер тізіміне енгізу сияқты құралдарды пайдалану мүмкіндігі туралы сұраққа берген жауабында: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының маңыздылығы экономика саласымен шектелмейді",-деді.
ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары кейбір елдердің Ирандағы адам құқығының жағдайы жайлы жалған ақпарат таратып жатқанына тоқталып, Сауд Арабиясында өткен бірнеше айда 40 адамның басы кесілгеніне сілтеме жасап: "Ирандағы адам құқығының жағдайы аймақтың басқа елдеріндегі құқықтық жағдайдан әлдеқайда жақсы",-деді.