Ислам революциясының динамикасы: жетекші көзқарасы тұрғысынан
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні х.ш.жс.б. 1357 жылдың 19 бахманында Иран армиясы әуе-қорғаныс күштерінің бірқатар қолбасшылары мен қызметкерлерінің имам Хомейнимен кездесуде оған адалдықтарын жариялаған тарихи күнмен бір мезгілде Ислам революциясын тірі ақиқат деп атады.
Аятолла Хаменеи революцияның бүгінгі беріктігі мен жалғастығының алғашқы күндерден әлдеқайда артық екенін қуаттап: «Бүгінгі революционерлер революцияның алғашқы күндеріндегі күрескерлермен салыстырғанда төзімдірек, хабардар әрі қырағы. Сол себепті революция ілгерілеп, кемелдене түсті»,-деп баса айтты.
Иран Ислам революциясы 39 жыл бұрын х.ш.жс.б. 1357 жылы 22 бахманда, сәйкесінше 1979 жылдың 11 ақпанында жеңіске жетті. Әлемдік үстемшілдердің қысымдары, жауластықтары мен қастандықтарына қарамастан бұл революция өзінің арман-мақсаттары мен принциптерінен бір қадам артқа шегінбей, мықты рухпен табанды түрде өз жолын жалғастырды.
Иран халқының зорлықшыл алпауыттарға төтеп беруі исламдық республика жүйесінің аймақтық және халықаралық салаларда, әсіресе жапа шеккен халықтардың құқықтарын қорғау саласында зор әлеуеттерге ие екенін көрсетті. Палестина, Ауғанстан, Йемен халықтары мен Мьянмада зорлық-зомбылыққа ұшыраған рохинджа мұсылмандарының құқықтарын қорғау осы революцияның принциптері мен армандарынан бастау алған үдеріс болып табылады. Бұл үдеріс еш уақытта әлсіреп немесе ұмытылған емес.
Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, «халықаралық деңгейде зұлымдық пен жемқорлыққа қарсы тұрып, оны әшкерелеу – ислам республика жүйесінің принципті саясаттарының бірі». АҚШ осы жылдардың барлығында жалған бетперденің астынан өзін адам құқығының қорғаушы етіп көрсетіп, теріс ақпарат таратып, Иранды Йеменге зымыран жібереді деп айыптап, өзінің қылмыстық істерінің бетін жабуды мақсат тұтып отыр. АҚШ адам құқығын қорғаймын деп уәж айтқанымен, қылмыскер әрі залым Израильдің 70 жыл бойы Палестина халқына жасаған зорлық-зомбылығын қолдап келді. Бұл елдің Йемен мен Ауғанстан халықтарының қырып-жойылуына да қатысы бар. Күн сайын қорғансыз халық АҚШ-тың одақтастары тарапынан америкалық қару‑жарақпен бомбаланып жатыр.
Зұлымдық жайлап тұрған кезде революция мен исламдық республика жүйесінің залымдарға қарсы тұратыны сөзсіз. АҚШ қазір мына шындықты көріп отыр: революция мен исламдық республика жүйесін қорғаушылар асқан батылдықпен тіпті Иранның шекараларынан тыс жерлерде, яғни Ирак пен Сирияда АҚШ, Израиль, Сауд Арабиясының қолдауына ие болып отырған лаңкестерге қарсы табандылық танытып, діни құндылықтарды қорғап жатыр. Сол себепті АҚШ бар күшін салып, қарсыласу қозғалысын жойғысы келді. Алайда хазірет аятолла Хаменеи: «Таяу Шығыс аймағындағы қарсыласу қозғалысына қатысты істе біз бекембіз, рұқсат бермейміз. Бүгінде бүкіл әлемге АҚШ-тың қаласа да, орындай алмағаны, біздің қалағанымызды жүзеге асырғанымыз дәлелденіп отыр»,-деді.
Қалау және жүзеге асыра алудың Ислам революциясы құндылықтарының бірі екені сөзсіз. Мұның жағымды әсерлері болды. АҚШ-тың демократия мен адам құқығын қорғаудағы екіқырлылығын түйткілге ұшыратып, бұл елдің әшкереленуіне жағдай жасады. Ислам революциясы жоғары адами құндылықтарды қайта жаңғыртып, тірі ақиқатқа айналды. Ол әлі де жалғасын тауып, әсерін тигізіп жатыр. Иран халқының 22 бахман сияқты ұлы ерлік күндері салтанатты шерулерге қатысуы бұл халықтың революциялық рухының бекемдігін, Ислам революциясының құндылықтары мен жетістіктерінің сақталғанын көрсетеді.