Дұшпанға Иранның қорғаныстық және зымырандық қуатының қақпасына жақындауға рұқсат бермейміз
(last modified Sat, 10 Feb 2018 09:48:33 GMT )
Ақп 10, 2018 15:48 Asia/Almaty
  • Дұшпанға Иранның қорғаныстық және зымырандық қуатының қақпасына жақындауға рұқсат бермейміз

Ислам революциясының Сақшылар корпусы: "Бұл революциялық орган Иранның тәуелсіздігін жан-жақты қорғау арқылы дұшпанның қорғаныстық қуаты мен тежегіш зымырандық әлеуетінің қақпасына жақындауға және қауіпсіздік пен ұлттық қорғаныс қалқанын әлсіретуге рұқсат бермейді",- деп баса айтты.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы жұма күні ислам революциясы жеңісінің 39-жылдығына байланысты жариялаған мәлімдемесінде: "АҚШ, сионистік режим мен Вашингтон мен Тель-Авивтің еуропалық және аймақтық одақтастарының таңылған соғыстар мен тәкфирлік лаңкестік саласындағы үсті-үстіне жалғасқан жеңілістері Иранның Батыс Азиядағы бірінші және даусыз, алпауыт ел ретінде олардың бүліктерінен ешқашан үрейленбейтіні туралы ақиқатты еске салды",- деді.

Бұл мәлімдемеде ислам революциясы жеңісінен кейінгі қырық жылдың ішіндегі АҚШ пен оның одақтастарының ИИР-ға қарсы соққы беру мақсатындағы қастандық әрекеттерін санамалап: "Иран халқы билікқұмар әрі үстемшіл жүйеге қарсы стратегиялық және тарихи шайқаста абыройы үстем болып, жетілу үдерісі мен өзінің асқақ әрі өркениетті армандарына жету талпынысын басқа тарихи кезеңдерге қарағанда серпінді әрі жалынды түрде нығайта түсті",- деп жазылған.