Ислам революциясы үстемшілдікпен күресіп, қарсыласу майданы мен Құдс Шәріпке қолдау көрсетеді
(last modified Sat, 10 Feb 2018 10:07:23 GMT )
Ақп 10, 2018 16:07 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы үстемшілдікпен күресіп, қарсыласу майданы мен Құдс Шәріпке қолдау көрсетеді

Бүгінде ислам әлемі үстемшіл алып державалардың мұсылман үмбетіне тигізген ескі зақымдарынан азап шегуде. Соның ішіндегі ең маңыздысы Палестина мәселесі мен сионисттік режимнің аймақтағы басқыншылығының жалғасуынан қалған ескі жара саналады.

Күпіршілік пен үстемшілдік майданы мен сионизм 70 жылдан астам уақыттан бері Палестина жерін басып алу арқылы оны аймақ елдерінде тәртіпсіздік тудырудың алаңына айналдырды. ДАИШ осы қастандық әрекетті толықтыру үшін құрылған болатын.

Бірақ бүгінгі таңда ислам әлемі күпіршілік пен үстемшілдікке қарсы тұрды. Ал исламдық заңдардың толығымен жүзеге асырылуын көздейтін Ирандағы ислам жүйесі ислам дұшпандарын жеңетін негізгі құрал болмақ. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи "Аһле бейтті сүюшілер мен тәкфіршілер мәселесі" атты отырысына қатысушылармен кездесуінде айтқан сөзінде осы табандылықты баса айтып: "Барлық қысымдарға қарамастан ислам республикасы күпіршілік пен үстемшілдікпен күресу қажет болған кез келген жерде көмектеседі. Біз бұл мәселеге байланысты ешкімнің пікірімен санаспаймыз",- деді.

Революция жетекшісінің бұл сөздерінің тамыры ислам революциясы мен билікқұмар жүйелерге қарсы табандылық көрсетуде жатқан Иран халқының үстемшілдікпен күресудің маңызды жайттары мен нұқсан келтірілмейтін ерекшеліктерін қамтиды. Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы генерал-майор сардар Мұхаммад Бағери Иранда қарулы күштердің жауапкершілік, күш-қуат және ұйымдасқан тежегіш күштің көмегімен қауіп-қатерлермен күресу және осы ел шекарасының қауіпсіздігін сақтауда маңызды жауапкершілікке ие екенін айтып: "Иран Ислам Республикасы – аймақ халқын үстемшілдіктің бұғауынан құтқаратын көшбасшы. Иран ислам революциясы армандары мен мақсаттарына қарай қарыштап қадам басуда",- деді.

Қазіргі таңда ДАИШ-тың бүліктері аймақ халықтарынан алыстады. Бірақ сол бүліктің аймақтағы түп тамыры мен зұлымдықтың бастауы – «Израиль» атты қатерлі ісік әлі қалып отыр. Дәл осы маңызды жайтқа байланысты революция жетекшісі: "Палестина Палестина халқына қайтарылған күні үстемшілдікке жойқын соққы беріледі. Біз сол күнге жету үшін бар күшімізді саламыз",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі ислам елдерінің он үшінші парламентаралық отырысына қатысушыларды қабылдауында да Палестинаны қорғаудың баршаның міндеті екенін айтып: "Сионисттік режиммен күрестің пайдасы жоқ деп ойламау керек. Қайта керісінше, Құдайдың қалауы мен рақымының арқасында қарсыласу қозғалысының бұрынғы жылдармен салыстырғанда ілгерілегені секілді сионистік режимге қарсы талпыныстар да өз нәтижесін береді",- деп баса айтты.

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Һание ислам революциясы жетекшісіне жолдаған хатында жетекшіге Палестина мәселесіне көңіл бөліп, оны қуаттауына байланысты алғыс айтып:  "Палестинаның барша табанды халқы ислам республикасын Палестина мен Құдс мәселесіне қатысты тұрақты әрі бағалы ұстанымдары мен Палестинаның халықтық қарсыласу қозғалысына түрлі көмектермен қолдау көрсеткені үшін дәріптейді",- деді.

Имам Хомейнидің революциялық және азаттық сыйлаушы идеясында Палестинаны азат ету маңызды принциптердің бірі саналады. Хазірет сионистердің болмысы жайлы былай деді: "Израиль Батыс және Шығыстың отаршыл үкіметтерінің құпия келісімі мен құрған жоспарларының нәтижесінде пайда болып, мұсылман елдерін басып-жаныштап, оларды отарлау мақсатында құрылып, бүгінгі таңда барлық отаршылдардың қолдауы мен демеуіне сүйеніп отыр".

Ұлыбритания мен АҚШ Израильді әскери-саяси тұрғыдан күшейтіп, оның қолына халықты қырғынға ұшырататын қаруларды беріп, оны арабтар мен мұсылмандарды үздіксіз шабуыл жасауға итермелеп отыр. Имам Хомейни үнемі: "Сионистердің шабуылдары Палестина, Ливан, Голан жоталарын басып алу және бейбітшілік келісімдері мен ымыраға келу арқылы аяқталмайды. Олар «Үлкен Израиль» құру үшін қадам жасап, Таяу Шығыс пен мұсылман елдерінің бәріне қатер төндіреді",- деп баса айтатын.

 

Тегтер