Велаяти: Иран ислам революциясының арқасында ғылымның дамуы тұрғысынан жетекші елдердің қатарына енді
(last modified Sat, 10 Feb 2018 15:44:25 GMT )
Ақп 10, 2018 21:44 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран ислам революциясының арқасында ғылымның дамуы тұрғысынан жетекші елдердің қатарына енді

Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Иран Ислам республикасының ғылыми-технологиялық даму үдерісі тұрғысынан әлемдік беделді орталықтардың статистикасына сәйкес ислам революциясының арқасында жетекші елдерінің қатарына енгенін айтты.

IRNA-ның мәліметі бойынша, Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Али Акбар Велаяти сенбі күні Теһранда «Фаджр» онкүндігі мерекелеріне қатысып отырған шетелдік қонақтардың пікірлестік конференциясында Иран ислам революциясының 39 жылдығымен құттықтап, революцияның маңызды жетістіктеріне, соның ішінде саяси саладағы, исламдық ояну идеяларына, қарсыласу, үстемшілдікті қабылдамауына, ислам дінінің  исламдық жаңа өркениеттің көкжиектеріне енуіне  тоқталып: «Иранның ислам революциясы Батыстың идеялық, концепциялық және өркениеттік мектептерін түйткілге тіреп, үстемшіл жүйені ауыр шығындармен бетпе-бет келтірді. Революция жетекшісінің қырағылығы, ол хазіреттің табандылығы мен батылдығы,  кемеңгерлігі, сонымен қатар Ливан мен Палестинадағы, Сирия мен Ирактағы исламға берілген жастардың қарсыласуы және осы елдердің заңды үкіметтерінің табандылығы болмағанда, Дамаск пен Бейрут және Бағдад бүгінде сионистердің қолына түскен болар еді» деді.

 

Тегтер