Революция жетекшісі Иран халқының 22-баһман шеруіне ерлікпен қатысуын мадақтады
Ислам революция жеңісінің жылдығы күні Иранның жер-жерінде өткен халықтық шерулер әлемдік жолдауларға толы ауқымды шара болды.
Ислам революциясының жетекшісі жексенбі күні кешке жариялаған жолдауында Иран халқының 22-баһман шеруіне ерлікпен қатысуын мадақтады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жолдауында: "Нақты есептулерге сәйкес, өткен жылдармен салыстырғанда ауқымдырақ өткен Иран халқының жексенбі күнгі шеруінің ұлылығы бөгделерге, дұшпандар мен уәдеге тұрақсыз адамдарға кесімді әрі қатаң жауап қайтарды", - деді.
Хазірет дұшпанның Иран мен ирандықтар жайлы жалған әрі үстірт түсініктерге сүйеніп, өзінің барлық насихаттық күші мен талпынысын биылғы 22-баһман шеруі солғын өтіп, өзіне қарсы айналдыру үшін шоғырландырғанын айтып: "Иран халқы ислам революциясының тірі әрі серпінді екенін дұшпанға көрсетіп, шеруге жаппай қатысып, бар дауыстарымен ұрандату арқылы ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің армандарына адалдықтарын білдірді",- деді.
Иран халқы 40 жылға жуық уақыт ішінде бұрын- соңды болмаған қарсыласуымен АҚШ-тың зорлық-зомбылықтарына қарсы тұра алатынын және дәл осы табандылықтың бүгінде ислам республикасы жүйесінің берік тірегіне айналғанын көрсетті. Иран халқы АҚШ-тың лаңкестік дағдарысы мен Сириядағы ДАИШ-тың басқыншылығына қатысты жеңілістерінің есесін қайтару үшін Иранды оқшауландырып, халықаралық кеңістікте қыспаққа алу үшін бар күшін салатынын, бірақ ешқашан жеңіске жетпейтінін жақсы біледі. Олардың сәтсіздіктерінің себебі 22-баһман шеруі секілді ерлік саханаларындағы халықтың саналы әрі революциялық құзыры саналады.
Бұл қырағылық ислам республикасы жүйесі өмірінің 40 жылға жуық уақыттың ішінде және АҚШ-тың қастандық әрекеттерімен соғысудың арқасында пайда болды. Сол себепті, Иран халқы биыл да 22-баһман шеруіне жаппай қатысып, АҚШ-тың үстемшіл әрекеттеріне қарсы ашуы мен жеккөрініштерін білдіріп, ирандық жастардың ғылым мен технология және зымырандық-қорғаныстық тежегіш өнеркәсіптегі жетістіктерін кесімді түрде қолдайтындықтарын қуаттады. Қуаттау әрекеті Иран халқының маңызды мәселелерден толығымен хабардар екенін және теріс ағымдардың жүйенің қуатты тіректері мен әлеуеттеріне нұқсан келтіруге ешқашан рұқсат бермейтінін көрсетті. Ширек ғасырға жуық тәжірибе АҚШ пен оның одақтастарының тынышсыздық пен дағдарыс, текетірес тудыру арқылы аймақта үстемдік пен геосаяси басымдыққа ие болуды көздегенін көрсетіп отыр.
Иран халқының 22-баһманның ұлы шеруіне бірлікпен қатысуы шын мәнінде Ақ үйдің қоқан-лоққылары мен қиялдарына кесімді жауап қайтарып, өздерінің жұмсақ күшін дұшпандарға дәлелдеді. Революция жетекшісі болжағандай, Иран халқының ғиззаты мен қырағылығы ұлы әрі таңқаларлық оқиға тудырды.