Палестина – Ислам әлемінің басты мәселесі
https://itolqyn.com/news/iran-i34751-Палестина_Ислам_әлемінің_басты_мәселесі
Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастарының әлемдік конгресінің кеңесшілік отырысына қатысушылар мәлімдеме жариялап, Палестина мәселесін Ислам әлемінің басты мәселесі ретінде қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 13, 2018 14:33 Asia/Almaty
  • Палестина – Ислам әлемінің басты мәселесі

Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастарының әлемдік конгресінің кеңесшілік отырысына қатысушылар мәлімдеме жариялап, Палестина мәселесін Ислам әлемінің басты мәселесі ретінде қуаттады.

Теһранда дүйсенбі күні өткен Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастарының әлемдік конгресінің кеңесшілік отырысының қорытынды мәлімдемесінде: "Палестина мәселесіне Ислам әлемінің басты мәселесі ретінде назар аударып, исламдық қарсыласу шебін күшейтіп, заңсыз сионистік режиммен күресіп, қасиетті Құдс қаласын азат ету саласында саяси, ақпарат, мәдени жұмыстарды ұйымдастыру қажет",- деп баса айтылды.

Аталмыш мәлімдеме сондай-ақ, ислам елдерінің билеп-төстеуші жүйенің Исламнан қорқыту жобаларын алға ілгерілету мақсатында ислам әлеміне қысым көрсету құралы ретінде пайдаланатын тәкфиршіл лаңкестік топтар және идеологиялармен күресуге шынайы назар аударуын қуаттады.

Теһранда Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастарының әлемдік конгресінің тұрақты кеңсесін құру, әлемнің түкпір-түкпіріндегі әлемдік үстем, билікқұмар жүйелермен күресу саласында арналар құрып, стратегиялық исламдық бірлік тақырыбына шынайы назар аудару Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастарының әлемдік конгресінің кеңесшілік отырысының қорытынды мәлімдемесінде қарастырылған келесі тақырыптар болды.

Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастарының әлемдік конгресінің Теһранда өткен кеңесшілік  отырысына әлемнің әртүрлі елдерінен жиналған 60 тұлға қатысты.