Ислам революциясының жетекшісі: Қиын алаңдарда шиіттер мен сүннитер бір-бірінің қасынан табылады
https://itolqyn.com/news/iran-i34759
Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның санкциялары мен олардың әскери және мәдени барлық қастықтарына қарамастан ИИР-ның заманауи надандыққа қарсы табандылығын халықтың иманы мен жанкештілігімен байланыстырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 13, 2018 15:31 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Қиын алаңдарда шиіттер мен сүннитер бір-бірінің қасынан табылады

Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның санкциялары мен олардың әскери және мәдени барлық қастықтарына қарамастан ИИР-ның заманауи надандыққа қарсы табандылығын халықтың иманы мен жанкештілігімен байланыстырды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің ақпанның 5 күні Систан-Балучестан облысында шәһидтердің отбасылары конгресін ұйымдастырушыларымен кездесуінде жасаған баяндамасы бүгін Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Захеданда жарияланды.

Ислам революциясының жетекшісі: "Қаджар мен Пехлеви кезеңдерінде Систан-Балучистанға танытылған немқұрайдылық халықтың қабілет-дарындарының дамымауына себеп болды",- деді.

Аятолла Хаменеи Систан-Балучестанды Күрдістан мен Гүлстан облыстары сынды исламдық бірліктің және шиіттер мен сүнниттердің ынтымақтастығы мен бауырластығының көрінісі деп атап, дұшпанның ортаға іріткі салу қастығына қатысты қырағы болу қажеттігін қуаттап: "Қасиетті қорғаныс кезінде сүннит жасөспірімнің шәһид болуы немесе ислам революциясын қорғап, революцияға қарсылардың қолынан сүннит басшының шәһид болуы Ислам республикасында шиіт және сүннит бауырлардың ауыр майдандарда бір-бірінің қасында болғанын көрсетеді. Бұл шындық пен шынайы бірлікті мәдениет пен өнер жұмыстарында көрсету қажет. Иман мен қарсыласу сияқты маңызды тұрғыдағы иманның кемел көрінісі – шәһидтер мен жанкештілер. Сондықтан ислам жүйесі шәһидтерді құрметтеп, олардың алдында тағзым етуді қажет етеді",- деп баса айтты.