Палестина – Ислам әлемінің басты мәселесі
Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастарының әлемдік конгресінің кеңесшілік отырысы Палестина мәселесін Ислам әлемінің басты мәселесі ретінде қуаттап, дүйсенбі күні Теһранда өз жұмысын аяқтады.
Отырыс ислам әлемінің алпысқа жуық тұлғасының қатысуымен өтті. Қатысушылар қорытынды мәлімдемеде исламдық қарсыласу шебін күшейту, заңсыз сионистік режиммен күресу, қасиетті Құдсты азат ету саласында саяси, ақпарат, мәдени жұмыстарды ұйымдастыру қажет екендігін қуаттады.
Палестина мәселесі бұл елдің жерлерінің басып алынуымен басталып, Палестинаның миллиондаған халқының жерлерінен қуылуымен одан сайын шиелінісе түсті. Бұл қастық бүгінде Америка тарапынан Құдсты заңсыз құрылған Израиль режимінің астанасы ретінде жариялауымен жаңа кезеңге енді.
Таяу Шығыс аймағы мәселелерінің маманы Саадолла Зареи: "Осы кезде әлем мен аймақ деңгейінде АҚШ пен одақтастарының Палестина мәселесін сионистік режимнің қалауына сай аяқтауды қалайтындығына куә болып отырмыз. Қарсыласу шебінің үздіксіз жеңістері ислам әлемінің маңызды бөлімдерін АҚШ пен сионистік режимнің билеп-төстеушілігінен босатты",- деді.
АҚШ пен Израильдің қастығы Таяу Шығыс пен барлық ислам мемлекеттері үшін анықталды. Осындай сезімтал кезеңде ислам әлемінің жағдайы қиындап, Палестина мәселесі шетке ысырылды.
Иран Ислам республикасын іргетасын қалаушы имам Хомейни рамазан айының соңғы жұмасын Құдс күні деп атап, Палестинаны қолдау мәселесін әлемдік деңгейге көтеріп, Палестина мәселесін ислам әлемінің басты мәселесі ретінде баяндады.
АҚШ пен Израиль жылдар бойы Палестина мәселесін маңыздан кенде етіп көрсетіп, қарсыласу шебін әлсіретіп, ислам елдерін ішкі дағдарыстарға тіреп, аймақ теңгерімін өзгертуді көздеуде.
Араб әлемінің танымал сарапшысы бұл салада Rai Al Youm газетіндегі мақаласында сионистік режимнің әскери ұшағының Сирияның әуе кеңістігінде құлатылуына тоқталып, бұл оқиғаны тарихи күн, барлық үстемшіл пікірлерге берілген қатаң жауап деп атады.
Палестина мен Құдс мәселесі – келісімдер арқылы шешілмейтін сионистік режимнің үлкен қастықтарының бірі. Бұл мәселе тек исламдық қарсыласу ағымын күшейтіп, басқыншы режимге қарсы тұру арқылы ғана шешіледі.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ислам елдерінің 13-ші парламентаралық отырысына қатысқан қонақтармен кездесуінде Палестинаны қорғауды баршаның міндеті деп атап: "Сионистік режимге қарсы тұрудың пайдасы жоқ деп ойламау керек. Қарсыласу ағымы бұрынғы жылдармен салыстырғанда дамығандай, Алланың көмегімен сионистік режимге қарсы күрес те нәтижеге жетеді",- деген болатын.