Еуропаның ынтымақтастығымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын өзгерту ықтималы жоққа тән
Иранның Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Камалванди: "Америкалықтар бастапқы санкцияларды жалғыз қадағалап отыр. Бұл өте ауыр іс. Ондай санкциялардың әсері айтарлықтай төмен болады",- деді.
"Әл-Әлам" арнасының мәліметі бойынша, Иранның Атом Қуаты Ұйымының халықаралық істер жөніндегі орынбасары Бехруз Камалванди: "Еуропа АҚШ-тың әрекеттеріне қайшы Ирандағы өздерінің инвестицияларына қолдау көрсетуді көздеуде. Олар тіпті бұл салада өз компанияларын қолдайтын, Ирандағы инвестицияларына зардап келтірмейтін механизмдерді ойластырып жатқаны туралы жариялады",- деді.
Иранның Атом Қуаты Ұйымының баспасөз хатшысы 10 миллиард долларға екі стансаның салынуы мен медициналық және өндіріс лазерлердің шығарылуына тоқталып: "Иранның 15 сантиметрлік кристалл шығаруы бұл елдің Қытайдан озғанының белгісі. АҚШ үкіметіне Трамп келгеннен бері Ұлыбритания Иранға 900 тонна уран сатудан бас тартты. Иран бұл мәселені қарастыруда",- деді.