Аракчи мен Рябков Теһранда кеңесті
ИИР СІМ-нің саяси істер бойынша орынбасары мен Ресей СІМ-нің орынбасары Теһранда кездесіп, екіжақты мәселелер мен «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыру үдерісі туралы сөйлесті.
Аббас Аракчи кеше сәрсенбі күні Ресей СІМ-нің орынбасары Сергей Рябковпен кездесуде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыру және америкалық басшылардың осы тақырып туралы сөздеріне тоқталып: «Басқалардың Америкамен әрекеттестігінің Иран үшін қатысы жоқ. Бірақ Иранның ұстанымы бойынша «Ортақ қадам» келісімі кем-кетіксіз орындалуы керек. Аталмыш келісім бойынша қайтадан ешқандай келіссөз өткізілмейді. Бұл тұрғысындағы Иран, Ресей мен Қытай және еуропалық үш елдің ұстанымы анық. Келіссөзді бастау, қайтадан келіссөз өткізу, «Ортақ қадам» келісімін түзету немесе оған қосымша енгізу ықтималы мүлдем жоқ. «Ортақ қадам» – халықаралық келісім. Келісім БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі арқылы халықаралық міндеттемеге айналды» деді.