Теһран басқаларға Иранның қорғаныстық әлеуетін бәсеңдету үшін талпыныс жасауға рұқсат бермейді
(last modified Thu, 15 Feb 2018 15:37:01 GMT )
Ақп 15, 2018 21:37 Asia/Almaty
  • Теһран басқаларға Иранның қорғаныстық әлеуетін бәсеңдету үшін талпыныс жасауға рұқсат бермейді

Иран СІМ ақпарат хатшысы Ғасеми: "ИИР басқаларға бейбітсүйгіш Иранның қорғаныстық және тежегіш әлеуетін бәсеңдету үшін талпыныс жасауға ешқашан рұқсат бермейді",- деді.

Бахрам Ғасеми Франция президентінің Иранның зымырандық әлеуеті жайлы жуырда айтқан сөзіне білдірген реакциясында: "Иранның зымырандық қабілеттері қорғаныстық және тежегіш саясаттарға негізделген әскери доктрина шеңберінен аспайды. Шынайы қауіп, ол арандату әрекеті саналатын АҚШ пен кейбір еуропалық елдердің аймақтың кейбір нақты елдеріне дамыған қару-жарақ сатудағы бәсекелестігі болып табылады.

Франция президенті Эммануэль Макрон жуырда өзінің араласушылық екпінде айтқан сөзінде: "Иранның зымырандық әлеуеті халықаралық бақылауға алынған",- деп мәлімдеді.