Иран мен Францияның қосалқы бөлшек өндірушілерінің қауымдастықтары ынтымақтастық меморандумына қол қойды
(last modified Thu, 15 Feb 2018 15:54:50 GMT )
Ақп 15, 2018 21:54 Asia/Almaty
  • Иран мен Францияның қосалқы бөлшек өндірушілерінің қауымдастықтары ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Иран мен Францияның қосалқы бөлшек өндірушілерінің қауымдастықтары Иранның көлік өнеркәсібінің халықаралық конференциясы аясында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Меморандумға Иран мен Франция қосалқы бөлшек өндірушілер қауымдастықтарының басшылары Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадаридің қатысуымен өткен Иранның көлік өнеркәсібінің бесінші халықаралық конференциясы аясында қол қойды.

"Бәсекеге қабілетті жеткізу тізбегі (шикізат, қосалқы бөлшек жасау, логистика) тақырыбына арналған Иран көлік өнеркәсібінің бесінші халықаралық конференциясы осы аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері өтті. Халықаралық конференцияға Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония, ҚХР, Тайвань, Үндістан, Ресей, Түркия, Ирак, Түркіменстан мен Италиядан келген 220 шетелдік қонақпен қоса, Иранның көлік өнеркәсібінің 1560 маманы мен белсенділері қатысты.

 

 

 

Тегтер