Теһран-Ясудж ұшағының 60 жолаушысы мен экипаж мүшелері қаза тапты
https://itolqyn.com/news/iran-i34885-Теһран_Ясудж_ұшағының_60_жолаушысы_мен_экипаж_мүшелері_қаза_тапты
"Aseman" әуе компаниясының қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы Табатабаи осы компанияның бүгін таңертең Самиром аймағында құлаған ATR ұшағының барлық жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қаза тапқанын хабарлап:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 18, 2018 16:43 Asia/Almaty
  • Теһран-Ясудж ұшағының 60 жолаушысы мен экипаж мүшелері қаза тапты

"Aseman" әуе компаниясының қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы Табатабаи осы компанияның бүгін таңертең Самиром аймағында құлаған ATR ұшағының барлық жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қаза тапқанын хабарлап:

"ATR ұшағы бүгін таңертең сағат 08:00-де Мехрабад әуежайынан ұшып шығып, 50 минуттан кейін ауа райы жағдайына байланысты Дена тауына соғылды. Өкінішке орай, ұшақтың барлық жолаушылары мен экипаж мүшелері қаза тапты. Ұшақта 60 жолаушы, 2 бортсерік, 2 ұшу қауіпсіздігі қызметкері, 1 ұшқыш пен оның көмекшісі болған",-деді.

Оның айтуынша, ұшақ Ясудж қаласынан 14 миль жердегі Дине ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты апатқа ұшыраған.