Теһран-Ясудж ұшағының 60 жолаушысы мен экипаж мүшелері қаза тапты
Ақп 18, 2018 16:43 Asia/Almaty
"Aseman" әуе компаниясының қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы Табатабаи осы компанияның бүгін таңертең Самиром аймағында құлаған ATR ұшағының барлық жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қаза тапқанын хабарлап:
"ATR ұшағы бүгін таңертең сағат 08:00-де Мехрабад әуежайынан ұшып шығып, 50 минуттан кейін ауа райы жағдайына байланысты Дена тауына соғылды. Өкінішке орай, ұшақтың барлық жолаушылары мен экипаж мүшелері қаза тапты. Ұшақта 60 жолаушы, 2 бортсерік, 2 ұшу қауіпсіздігі қызметкері, 1 ұшқыш пен оның көмекшісі болған",-деді.
Оның айтуынша, ұшақ Ясудж қаласынан 14 миль жердегі Дине ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты апатқа ұшыраған.
Тегтер