Революция жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатиманы (ғ.с) аза тұту рәсімінің екінші түні өтті
Хазірет Фатиманы (ғ.с) аза тұту рәсімінің екінші түні ислам революциясының жетекшісі, жүйенің бірқатар жауапты тұлғалары мен аза тұтушы халықтың қатысуымен имам Хомейнидің хосейниесінде өтті.
Халықтың түрлі топ өкілдері мен бірқатар жауапты тұлғалардың қатысуымен өткен рәсімде ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Рафии: "Құран аяттары, пәк имамдардың (ғ.с) сөздері мен мұсылман және мұсылман емес тұлғалардың еңбектерінде хазірет Заһраның (ғ.с) бойындағы қасиеттері жайлы маңызды жайттар жазылған",- деді.
Сондай-ақ ол тақуалық, батылдық, жанқиярлық, әдеп пен көпшілдікті хазірет Фатиманың (ғ.с) бойындағы үлгі тұтарлық қасиеттер деп атап, ол хазіреттің діни жетекшіні қорғаудағы әрекеттеріне тоқталып: "Хазірет Фатима (ғ.с) мүміндердің әміршісінің (ғ.с) діни жетекші болуын қорғау жолында өзінің жаны мен абыройын аямады. Біздің шәһидтер де сол ұлы банудың үлгісімен дінді қорғауда өз жандарын пида етуде",- деді.
2018 жылдың ақпан айының жиырмасы, сәйкесінше х.қ.ж.с.б 1439 жылдың джамади ас-сәни айының үшінші жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбары Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с) қызы және әлем шиіттерінің бірінші имамы мүміндердің әміршісі Әли ибн Абу Талибтың (ғ.с) жұбайы хазірет Фатима Заһраның (ғ.с) шәһид болған күнінің жылдығы.