Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығында Иранда аза рәсімдері өтті
(last modified Wed, 21 Feb 2018 13:26:09 GMT )
Ақп 21, 2018 19:26 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығында Иранда аза рәсімдері өтті

Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығының кешіндегі аза рәсімдері Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен Теһрандағы имам Хомейни атындағы діни мекенде өтті.

Халықтың түрлі топ өкілдері мен бірқатар жауапты тұлғалардың қатысуымен өткен рәсімде сөз сөйлеген ходжат ул-ислам уал-муслимин Масуд Оли ақыр замандағы шайтанның қастықтары мен алдап-арбаушылықтарына тоқталып: "Шайтан отбасылар мен отбасылық қарым-қатынастарды нысанаға алды. Егер бұл қарым-қатынастар жойылса, адамдар бұзылып, қоғам құриды",- деді.  Ол діни мәдениетте үй мен отбасының ғибадат пен тәрбие мекені екенін қуаттап: "Имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның отбасы мейірім, махаббат және құрметке толы болды. Сондықтан, бұл нұрлы отбасы мұсылман жанұяларының үлгісіне айналуы тиіс",- деді.

Кеше, ақпан айының 20, сәйкесінше хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1439 жылдың джамади ас-сани айының 3 жұлдызы Исламның ұлық пайғамбарының қызы және имам Әли (ғ.с.)-ның өмірлік серігі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы болды.