Ислам революциясы жетекшісінің қатысумен хазірет Фатиманы (с.) аза тұту рәсімі өтті
(last modified Thu, 22 Feb 2018 11:30:18 GMT )
Ақп 22, 2018 17:30 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысумен хазірет Фатиманы (с.) аза тұту рәсімі өтті

Имам Хомейни (р.) атындағы хосейниеде Ислам революциясының жетекшісінің қатысумен хазірет Фатиманы (с.) аза тұту рәсімі өтті.

Иранның атқарушы және заң шығарушы органдарының басшылары, бір топ жауапты тұлғалар мен халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының мыңдаған өкілінің қатысуымен өткен рәсімде Масуд Али қасиеттіліктерге деген құрметті сақтаудың маңыздылығына тоқталып, үй мен жанұяның қасиетті екенін, адамның тәрбие көріп, әлсіздіктерін түзететін жері екенін айтып: «Балаларды тәрбиелеудегі ең маңызды фактор – ата-ананың мінез-құлқы мен амал-әрекеті»,-деді.

Бұл рәсімде, сондай-ақ, жоқтаушылар хазірет Фатима Захраның (с.) көрген қиыншылықтарын баяндап, жоқтау айтты.  

Тегтер