Зариф: ДАИШ – әлі де Азияның батысындағы шындық
ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі ДАИШ лаңкестік тобының идеялық және қаржылай негіздерінің әлі жойылмағанын айтып: «ДАИШ Азияның батысы мен одан тысқары жерлерде әлі де шындық болып отыр» деді.
Мохаммад Джавад Зариф сенбі күні Теһранда өткен «ДАИШ-тен кейінгі әлемдегі аймақтық жүйе үлгілері» атты форумда шетелдік араласушылықты Азияның батыс аймағындағы тынышсыздықтар мен «даиштік» ойлардың қалдықтарының маңызды себебі деп атап: «ДАИШ аумақтық тұрғыдан жеңіліс тапқанымен, осы лаңкестік топтың идеялық, қаржылай негіздері мен ДАИШ-ты қалыптастырған жағдай әлі жойылған жоқ» деді. Иран СІМ ДАИШ-ты Американың Иракқа жасаған шабуылының, араб әлемінің ұлттық үкімет құрудағы қауқарсыздығы мен халықтың талап-тілектеріне көңіл аудармауының салдары деп атап: «Арабстан сияқты аймақтағы кейбір елдер өздерінің ішкі қиындықтарын сыртқа шығаруға талпыныс жасады. Олар қазір араб әлемнің алаңдаушылықтары мен араб әлемінің жеңіліс тапқанынан назарды бұруды мақсат етуде» деді.
Зариф даиштік ойды аймақ пен әлем үшін үлкен қатер деп атап: «ДАИШ тобының қалған мүшелері қазір аймаққа, соның ішінде Ауғанстан мен әлемге таралып жатыр» деді.