Жанқиярлық пен шәһәдат – Иран халқының абырой-айбынының шынайы қайнар көзі
(last modified Sun, 25 Feb 2018 10:47:50 GMT )
Ақп 25, 2018 16:47 Asia/Almaty
  • Жанқиярлық пен шәһәдат – Иран халқының абырой-айбынының шынайы қайнар көзі

Иранның айналасында жылына ондаған немесе жүздеген миллиард долларды қару-жарақ сатып алуға жұмсайтын елдер бар. Олар тіпті бұл қару-жарақтарды сақтай да алмайды.

Парсы шығанағы аймағындағы кейбір араб елдері еш уақытта қауіпсіздіктің шынайы мағынасын түсіне алмады. Олар өздерін аймақтан тыс елдерге қарыздар сезінеді. ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің айтуынша, араб елдері алпауыт елдер бір ренжісе, қалтырап, бір күлсе, қауіпсіздікті сезінетін болып жүр. Бұл елдер қауіпсіздік сатып алу үшін өздерінің абырой-беделін кепілдікке бергенімен,  шын мəнінде өздерінің мол қазба байлықтарын қару-жарақ компанияларының талан-таражына салды, бірақ ешқашан шынайы қауіпсіздікке қол жеткізбеді. Өйткені, қауіпсіздікті сырттан əкелуге немесе сатып алуға болмайды.

Иранның Сыртқы істер министрі сенбі күні Теһран университетінде "Жанқиярлық – дүниежүзілік бейбітшілік тілі" атты форумда сөйлеген сөзінде: "АҚШ Президентінің "Инвестиция салуға уəде бермейінше, аймаққа бармадым" деп айтуы көршілес елдер үшін қорлық емес пе? Трамп бір жыл бұрын «Бұл елдер маған «сиыр сияқты сауып алу үшін керек» деп ашық түрде мəлімдеді",-деді.

Осындай жағдайда АҚШ пен сол сияқты елдер Иранды жіті бақылап, бұл елді аймақтағы ең айбынды, ең қауіпсіз əрі болашағы зор ел санайды.

ИИР Сыртқы істер министрі "Иранның қауіпсіздігі мен абырой-айбыны қайдан келді?" деген сұраққа: "Бұл айбынның қалыптасуында қару-жарақ пен қорғанысқа дайындық маңызды. Иранның зымырандық бағдарламасы да бұл салада айшықты рөлге ие. Алайда бұл құралдар Иранның көршілерінде де бар. Сауд Арабиясында 2500 км қашықтыққа ұшатын зымыран жоқ па? Бұл елдің құрлықаралық баллистикалық зымырандар мен ядролық қаруларды тасымалдау қабілетіне ие зымырандары жоқ па?

Сауд Арабиясы өткен жылы 100 млрд долларды қару-жарақ сатып алуға жұмсады. Статистика бойынша, қазіргі таңда бұл ел қару-жараққа көп қаражат жұмсайтын үшінші ел болып табылады.

Шындық мынада: Иран халқының абырой-айбынының шынайы қайнар көзі – жанқиярлық пен шәһәдат мəдениеті. 39 жыл өткенімен бұл мəдениет əлі де құдіретін сақтап, ислам революциясының дискурсына айналды. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өткен шілде айында қолбасшылар, жауынгерлер, өнерпаздар мен Қасиетті қорғаныс кезеңіне арналған мəдени бағдарламаларды ұйымдастырушылардың бір тобымен кездесуінде: "Қоғамда революция мен революциялық рухтың сақталуы мен нығаюы – сол замандағы əсерлердің бірі. Сол джиһадтық жəне жанқиярлық əрекет болмағанда революциялық рухқа қауіп төнетіні сөзсіз еді",-деді.

Бүгінде ирандық жауынгерлердің "Қасиетті мекендерді қорғаушылар" (Модафеин-е харам) құрамында Сирияда ДАИШ-пен күрестің алғы шебінде  тұрғаны Қасиетті қорғаныс кезеңіндегі жанқиярлық пен  шәһәдатқа қатысты мəңгілік құндылықтардың əлі де сақталғанын көрсетеді.