Иран СІМ Балқан түбегі мен Шығыс Еуропаның бірқатар еліне ресми сапармен аттанады
https://itolqyn.com/news/iran-i35097-Иран_СІМ_Балқан_түбегі_мен_Шығыс_Еуропаның_бірқатар_еліне_ресми_сапармен_аттанады
ИИР Сыртқы Істер Министрі дүйсенбі күні Сербия, Болгария, Хорватия, Босния және Герцеговина елдерінің басшыларымен сұхбаттасып, пікір алмасу мақсатында Балқан түбегі мен Шығыс Еуропаға аттанады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 26, 2018 13:53 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Балқан түбегі мен Шығыс Еуропаның бірқатар еліне ресми сапармен аттанады

ИИР Сыртқы Істер Министрі дүйсенбі күні Сербия, Болгария, Хорватия, Босния және Герцеговина елдерінің басшыларымен сұхбаттасып, пікір алмасу мақсатында Балқан түбегі мен Шығыс Еуропаға аттанады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, ИИР СІМ-нің Ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: "Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің сапарында елдің жоғары лауазымды саяси делегациясы мен жеке және мемлекеттік сектордың экономика саласындағы бірнеше компания өкілдері мен кәсіпкерлерінен құралған экономикалық топ бірге барады",- деп мәлімдеді.

Иран СІМ-нің Ақпарат хатшысы осы елдердің СІМ-лері және жоғары дәрежелі тұлғаларымен кездесіп, сұхбаттасуды, Иран, Сербия, Болгария, Хорватия, Босния және Герцеговина кәсіпкерлерімен бірлескен бизнес форумын өткізуді Мұхаммад Джавад Зарифтың осы аймақ сапарындағы бағадарламаларының қатарын құрайтынын айтты.