Иран мен Сирия атысты тоқтату бітіміне берік болады
Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы дивизия генералы Бағери Иран мен Сирияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда 30 күндік атысты тоқтату бітімі туралы қарарына берік болатынын мәлімдеді.
Дивизия генералы сардар Мұхаммад Бағери жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатта Дамаск төңірегінде 30 күндік атысты тоқтату бітіміне қатысты қарар туралы: "Лаңкестердің қол астындағы Сирия астанасы Дамасктың айналасындағы кейбір аумақтарда атысты тоқтату бітімі орнамайды. Ол жерлерде тазалау амалдары жалғасатын болады.
Сирияда қауіпсіздік пен тыныштықтың орнауын қаламайтын адамдар осы ел әскерінің Дамаск қаласының төңірегінде тазалау амалдарын жүзеге асыруды қалайтынын көргенде, атысты тоқтату бітімін жүзеге асыруды талап етіп, лаңкестерге қолдау көрсетуге келді.
Сирия әскері Дамаск тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лаңкестердің көзін толығымен жоюды көздеп отыр. Бірақ, осы уақытқа дейін Дамаскке 1200 зеңбірек снаряды атылып, соның салдарынан халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзылды. Сол себепті осы аймақтарда міндетті түрде тазалау амалдары жүзеге асырылуы тиіс",- деп баса айтты.