Жұмысшылар революция мен қасиетті қорғаныс кезіндегі оқиғаларға қырағылықпен қатысты
(last modified Mon, 26 Feb 2018 12:40:46 GMT )
Ақп 26, 2018 18:40 Asia/Almaty
  • Жұмысшылар революция мен қасиетті қорғаныс кезіндегі оқиғаларға қырағылықпен қатысты

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Кейбір топтардың шәһидтерін, соның ішінде жұмысшы шәһидтерді құрметтеу екі есе маңызды. Себебі, революция кезеңіндегі барлық оқиғалар мен қасиетті қорғаныс кезіндегі күреске жұмысшылар қырағылық және батылдықпен қатысты» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің 2018 жылдың ақпан айының 5 күнгі Иранның жұмысшы қоғамының 14 000 шәһидін еске алу конгресін ұйымдастырушылармен кездесуде сөйлеген сөзі бүгін дүйсенбі күні Теһранда конференциялар мекенінде жарияланды.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иранның жер-жерінде шәһидтерді ұлықтауды илаһи мейірім мен қалаудың белгісі деп атады.  

Хазірет аятолла Хаменеи дұшпандардың жұмысшыларды ислам республикасына қарсы арандатушылықтарының сәтсіздікке ұшырауына тоқталып: «Дұшпанның негізгі істерінің бірі жұмысшыларды зауыттарда ереуілге шығуға арандатып, мәжбүрлеуі болды. Бірақ, жұмысшылар осы жылдар бойы әрдайым қырағылық және ерік-жігермен табандылық танытып, дұшпанның сағын сындырды» деді.  

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі жұмысшылардың қасиетті қорғаныс жылдарындағы құзырын олардың қайраты мен діни ерік-жігерінің белгісі деп атап: «Ұлы имам шақырған кезде отбасыларының күнкөрістері солардың мойнында болған жас, мүмін жұмысшылар ерікті күштер ретінде майдандарға барып, қисын және дәлелмен: «Барып, еліміз бен исламдық шекарамызды қорғайық. Себебі, егер дұшпан басып алса, нан тұрмақ, бәрінен айрыламыз» десті» деді.

 

Тегтер